6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде. Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне слітеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады. Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген.
Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ыбыраев.
Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу 19 наурызда аяқталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі