10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағанды облысы Осакаров ауданында баласына 4 жыл бойы алимент төлемей жүрген әке сотталды. Прокуратура мәліметінше, ер кісінің жиналған қарыз сомасы 3 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер әкеге пробациялық бақылау белгілеп және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеу жазасы берілді.
Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда. Қарағанды облысының прокуратурасы борышкерлерді алимент төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылары кодекстің 669-бабы және Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілік туралы ескертеді,-делінген облыс прокуратурасының мәліметінде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді