Қарағандыда әскерилер арасында жекпе-жектен чемпионат өтті

17 Наурыз, 16:02 908

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде спорттың жекпе-жек түрінен чемпионат өткізілді. Жарысқа өңірдің төрт әскери бөлімнің әскерилері жиналып, жалпы 35 адам өзара бақ сынасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спорттық доданың ашылу салтанатында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Сакентай Шекарбеков сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгінгі күні баршаңыз өңірлік қолбасшылықтың боз кілемінде өз әскери бөлімдеріңіздің  намысын қорғағалы келіп тұрсыздар. Жекпе-жек сайысы әскер саласында бұрыннан келе жатқан спорттардың бірі. ІІМ орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың бастамасымен өтіп жатқан бұл жарысқа өжеттілік пен жақсы бап қажет. Жеңіске жеткендер алдағы уақытта біздің өңірлік қолбасшылық намасын барша Ұлттық ұлан алдында қорғайтын болады. Ең мықтысы женсін!,- деді генерал-майор Сакентай Амантайұлы.

Чемпионат шарты бойынша қатысушылар 53 келіден 85 келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Әр қатысушы жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат тұтады. Солардың бірі - Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінен келген капитан Дамир Дүйсенбин.

Жекпе-жек оңай өтіп жатыр деп айту қиын. Барлығы да жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Біз бұл жарысқа екі ай көлемінде дайындалдық. Бапкерімізді жерге қаратпай, намысқа тырысамыз, – деді жарыс қатысушысы.

Жалпы чемпионатта 19 әскери қызметші спорттық разрядтардың нормативтерін орындады. Жарыс қорытындысы бойынша әскерилер төмендегідей нәтиже көрсетті:  

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:

1-орын: қатардағы сарбаз Шәймерден Жақсылық. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: аға лейтенант Темірлан Саткенов. Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: ефрейтор Жастілек Рысбекұлы, Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімі.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: аға лейтенант Әбікеев Ержан, Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімі;

2-орын: капитан Дамир Дүйсембин Дамир, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: ефрейтор Серғазы Өмірәлі, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: кіші сержант Әділбеков Әділет, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: аға лейтенант Артем Вайль, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: капитан Мұханбетов Ерлан. Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: қатардағы сараз Шыңғысхан Батырхан, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: лейтенант Орман Тохтар, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі;

3-орын: аға лейтенант Арман Жетпісбаев, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: лейтенант Ерболат Қартабаев. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі; 

2-орын: лейтенант Темірлан Мықтыбаев. Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: кіші сержант Аманкелдінов Ерден, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: лейтенант Жанай Садықов.  Дюсенгалиевич, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: лейтенант Алмат Қонақбаев, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі;

3-орын: капитан Нұржан Бірімжанов. Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: лейтенант Дархан Көрпебаев. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: аға лейтенант Бекзат Құлғаров, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі.

97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:

1-орын: сержант Рүстем Әмренов, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

2-орын: сержант Ерасыл Әлібеков, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі;

3-орын: лейтенант Сергей Чензе, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі.

Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан өзге чемпионатта өзінің ерекше айла-тәсілімен көзге түскен қатысушылар түрлі номинацияларға лайық деп танылды. Атап айтқанда:

«Үздік техникасы үшін» номинациясы: қатардағы Жақсылық Шәймердан. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

«Ең жылдам жеңіс үшін» номинациясы: лейтенант Ерболат Қартабаев. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы: майор Рүстем Бекенов. Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі.  

Жеңімпаздар «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан грамота, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: