Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Шинкевичті 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскерилер ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтау хатын салтанатты түрде табыс етіп, Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты.
Көрсеткен құрметтерің мен қамқорлықтарың үшін рахмет айтамын. Жыл сайын қатарымыз сиреп келеді. Жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Олардың өткен тарихты құрметтей білетінін көру үлкен қуаныш, – деді Мария Шинкевич.
«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері Мария Ефимовнаның соғыс жылдары туралы естелігін қызығушылықпен тыңдады. Оқушылар үшін екінші дүниежүзілік соғыстың куәгерімен кездесу естен кетпес оқиға болмақ.
Ардагерлермен кездесіп, сөйлесуге мүмкіндігіміздің барына қуаныштымын. Бұл баға жетпес тәжірибе. Мария Ефимовнаға және барлық ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Олардың болашақ ұрпақ үшін жасаған еңбегіне рахмет, – деді «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушісі Құндыз Әнуар.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Мария Ефимовна Шинкевич 1925 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысының Ростовка ауылында дүниеге келген. 1944 жылы ол Осакаров аудандық әскери комиссариатынан әскери қызметке шақырылып, Мәскеудегі жалпы білім беретін мерген әйелдер мектебінде оқыған.
3-ші Беларусь және Украина майдандарында 220-шы атқыштар дивизиясының 2-ші дәрежелі Суворов орденді 199-шы армян қосалқы атқыштар полкінің құрамында соғысқан ардагер Жеңісті Прагада қарсы алды.
Мария Ефимовна екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарымен және «Соғыс ардагері» төсбелгісімен марапатталған.
Айта кетсек, бүгінде Қарағанды облысында сегіз соғыс ардагері тұрады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?