23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатты. Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болды. Ал көліктен 40 бас жылқы анықталды.
Жүргізушінің айтуынша, жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды. Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді.
Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан. Онда таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.
Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады