Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖоғалып кеткен павлодарлық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ер адам Қарағанды облысы аумағында аса ауыр қылмыс жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап.
Күдікті бұған дейін туыстары оның жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
21 наурыз күні полиция қызметкерлері Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұған дейін оны туыстары із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлаған.
Қазір күдікті қамауға алынған соң тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жариялауға жатпайды.
Ал Павлодар облысы полиция департаменті қамауға алынған азаматтың жоғалып, табылған павлодарлық екенін растап отыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады