Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚарағандыда 4 жасар қызды ит қауып алды. Оқиға Бадин көшесіндегі балалар ойын алаңының маңында болған, деп хабарлайды patriotkaragandy-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Иесі итті ағашқа байлап қойған екен. Бүлдіршін оны көріп, қасына жақындаған. Осы кезде ит қызға тап беріп, бетін тістеп алған. 4 жасар қызды иттің иесі анасымен бірге дереу ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлер қыздың бетінің 8 жеріне тігіс салды. Бірақ сіреспе немесе құтыру ауруына қарсы екпе сала алмай отыр. Себебі бүлдіршіннің ағзасында препараттарға қарсы реакция болды. Енді қыздың бетінде тыртық қалып қоятын болды. Иттің иесі қандай да бір жауапкершіліктен бас тартып отыр. Себебі кішкентай қыз ата-анасы немесе қамқоршысының қарауынсыз далада жүргенін және итке өзі келіп жақындағанын айтуда. Балалар қашаннан бері ойын алаңында ересектермен бірге жүруі керек? Тағы бір сұрақ, неге иттің тұмсығы тұмылдырықтаулы болмаған?,-дейді бүлдіршіннің анасының құрбысы.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс