Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚарағанды қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, 17 жастағы жасөспірім мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Halyqstan telegram арнасының мәліметінше, оқиға Бұқар Жырау даңғылы мен 7-магистральдің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолаушымен бірге бордюрге соғылып, соққы салдарынан жол жиегіндегі бағдаршам бағанасына ұшып кеткен. Ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.
Жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан бозбала жуырда ғана өзіне жаңа мотоцикл сатып алған. Бұл ақпарат марқұммен бір мотоәуесқойлар чатында болған жергілікті тұрғыннан белгілі болды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?