Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЭнергетика министрі Ерлан Ақкенжанов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңірдің негізгі энергетикалық нысандарының 2025-2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің айтуынша, Үкіметтің тапсырмасымен қысқа дайындық кабинеттерде есептер арқылы емес, тікелей нысандарға барып, нақты дайындықты көзбен көру арқылы бақыланады.
Топар ГРЭС-іне барғанда министр турбоагрегатты ауыстырудың соңғы кезеңімен танысты. Жаңа жабдықты іске қосу ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған және ол өңірдегі жылу беру сенімділігін арттырады. Сонымен қатар, станцияда жаңа күл-қоқыс алаңының құрылысы қарқынды жүруде. Ал Топар кентінде қызметкерлерге арналған жаңа тұрғын үйлер салынады.
Жылдар бойы шешілмеген бірқатар мәселелер барын білеміз, бірақ бүгін нақты нәтижелерді көру маңызды. Топар ГРЭС-інде қуаты жоғары жаңа турбина іске қосылады. Қармет ЖЭО-2-де жетінші қазандықтың іске қосу жұмыстары аяқталуда, ал Шахтинск ЖЭО тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл — нақты тапсырмалардың орындалуының көрінісі, - деді Ерлан Ақкенжанов.
Сапар барысында қаржыландыру мәселесі де сөз болды. Топар ГРЭС-іне 2025–2026 жылдарға арналған жөндеу және инвестициялық бағдарламаға 34,6 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, өңірдің жылу жүйелерін жаңартуға биыл 10 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Негізгі инвестициялық жобалардың бірі — Жезқазған қаласында 75 МВт қуатты бу-газ қондырғының құрылысы, бұл өңірдегі электр қуаты тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек