Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыСоңғы деректерге сәйкес, Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қайтыс болғандар саны 33 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, әлі 13 адам іздестіріліп жатыр.
Қазіргі сәтте Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан 33 шахтер қаза тапты. 13 кенші із-түзсіз кеткендер қатарында. Ақпаратты алған сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық, - деді облыс басшысы.
Апатқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Костенко атындағы шахтадағы жарылыс 28 қазанда 02:33-те орын алған.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады