Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов пен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Шакенов қаланың іргелес аумағына әуеден барлау жүргізді. Қаланың Михайловка бөлігі, Федоров су қоймасы, саяжай қоғамдары, Соқыр өзендерінің арналары, Көкпекті, Солонка, Оңтүстік-Шығыс секторы, Күнгей ауданы, Тәттімбет - Мұқанов көшесінің іргелес дала белдеуі және Рабочий кенті зерттелді.
Ұшу барысында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде канал салу бойынша жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ ұзындығы 7,2 км Рабочий кентінде Солонка өзенін санациялау және қорғаныс білігін салу бойынша жұмыстар қаралды.
Өзендер қысқы режимде, қар жамылғысы шамамен 50% құрайды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек