30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚарағанды облысында археологтер сақ дәуіріне тән ерекше археологиялық олжаға кезікті. Ақтоғай ауданындағы Қарабие қорымын зерттеу барысында ғалымдар оң қолында қола қылыш ұстаған жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлеу орнынан ұзындығы шамамен 30 сантиметр болатын қос жүзді, тұтас құйылған қола семсер табылған. Қару дала жыртқыш құстарының бейнелерімен безендірілген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай пішіндегі әрі көркем өрнектелген акинак Қазақстан аумағынан бұрын-соңды табылған емес. Бұл - ежелгі шеберлердің металл өңдеу ісі мен көркемдік талғамының жоғары деңгейін дәлелдейтін құнды жәдігер.
Археологтер қылышпен қатар бес металл жебе ұшын және алтын сырға тапқан. Зерттеушілер алтын әшекейді жауынгердің қоғамдағы жоғары мәртебесінің белгісі деп санайды. Заттардың көркемдік ерекшелігі Талды-2 қорымындағы «Алтын адам» табыстарымен ұқсас.
Мамандардың мәліметінше, қабір біздің дәуірімізге дейінгі VII–VI ғасырларға жатады және ол сақ элитасының жауынгеріне тиесілі болуы мүмкін. Ең маңыздысы - №1 қорғанның толығымен сақталғаны, бұл археологиялық тәжірибеде өте сирек кездеседі.
Қазір табылған бұйымдар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылмақ. Алдағы уақытта ғалымдар металлографиялық, радиокөміртекті және антропологиялық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері келер жылдың қысында жария етіледі деп күтілуде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды