18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ұлттық тасымалдаушы су тасқынына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райының нашарлауы мен қардың қарқынды еруі Шерубай-Нұра өзенінің шектен тыс толуы салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының уақытша жабылуына әкелді. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруда, - делінген мәліметте.
Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды:
- №8801/8802 «Қарағанды-Балқаш-2» бағытында пойыз Қарағандыдан 30 наурыз күні сағат 14:53-те жөнелтілді.
Сондай-ақ келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды:
- «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №606 пойыз Қарағандыдан 30 наурызда сағат 19:40-та жөнелтіліп, 31 наурыз күні Балқашқа сағат 06:25-те келеді;
- «Балқаш-2-Қарағанды» бағытындағы №605 пойыз 30 наурыз күні сағат 22:50-де Балқаштан жөнелтіліп, 31 наурыз күні сағат 8:20-да Қарағандыға келеді.
Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғындарды тасымалдау мүмкін болады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша тегін алуға болады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр