Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСу ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысының су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қажетті арнайы техникамен жабдықталған жөндеу бригадалары бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Самарқанд су қоймасында 73 млн текше метр көлемде бос орын дайындалды. Бүгінгі күнге су қоймасы 83%-ға толы. Жиналған судың жалпы көлемі 212 млн текше метр. Бос көлем - 43 млн текше метр, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар Ынтымақ су қоймасында 68 млн текше метр бос орын дайындалды. Бүгінгі күнге су қоймасында 51% бос орын бар. Жиналған судың жалпы көлемі 53 млн текше метр. Су қоймасы қосымша 56 млн текше метр су қабылдай алады.
Ведомство хабарлағандай, жазғы-күзгі кезеңде су тораптарының металл бекітпелерінде жүк көтеру механизмдерін тексеру арқылы регламенттік жұмыстар жүргізілді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады