23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?17 шілде күні сағат 06:00-де Алматы – Екатеринбург тас жолында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақксу-Аюлы елді мекенінен бес шақырым жерде Chery Tiggo мен Красноярск – Шымкент бағытында кетіп бара жатқан Van Hool маркалы автобусы соқтығысқан.
Жол апатынан Chery көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктің тағы үш жолаушысы мен автобус жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Суреттерге қарағанда, кроссоверден түк қалмаған.
Автобуста 51 адам болған. Бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр, - делінген Қарағанды облыстық ПД мәліметінде.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін екі көліктің де жүргізушілері тоқтатылып, оларға жылдамдықты сақтау туралы ескерту берілген екен.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік