6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысында өңір басшысы мен жергілікті әкімдердің гранттары стартаптарды іске асыруға да, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге де жұмсалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өткен жылы Осакаров ауданында 10 жас кәсіпкер грант алған. Олар сүт өнімдерін өндіруден бастап қоқыс шығаруды ұйымдастыруға дейінгі түрлі бағыттардағы жобаларды іске асырады. Гранттық қаражатқа ауылдық жерлерде ателье, сұлулық салондары, батут орталықтары ашылады.
Биыл маусым айында Осакаров ауданы әкімінің грантына өтінімдер қабылдау басталды. Байқауға 18–35 жас аралығындағы жастар қатысады. Өткен жылғы байқау жеңімпаздарының бірі – Есіл ауылының тұрғыны Влада Крюковская. Күйеуімен бірге құс өсірумен айналысқан.
Гранттар – әсіресе ауыл үшін үлкен қолдау. Егер идея болса, оны жүзеге асыруға болады. Менің өтінішім мақұлданды, жобаны жүзеге асыруға миллион теңге алдым. Бұл ақшаға 1500 жұмыртқаға арналған инкубатор сатып алдым. Сәуір айында балапандар шығып, бірден сатылып кетті. Ісім сәтті жүзеге асты, - дейді Влада Крюковская.
Кәсіпкердің айтуынша, сұраныс бар, тірі балапандарға да, бройлер етіне де үнемі тапсырыс беріліп тұрады. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі