2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚарағанды облысында браконьерлікке қарсы күрес күшейтілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысында табиғатты қорғауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнаманы сақтау және табиғат байлығын көзсіз пайдаланудың алдын алуға бағытталған. Солардың бірі – көктем мезгілінде дәстүрлі түрде өткізілетін "Уылдырық шашу" жедел-профилактикалық іс-шарасы. Оның аясында табиғатты қорғау полициясы браконьерлікпен күресті күшейтіп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарды жүйелі жүргізуде.
Кезекті рейд кезінде Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ортадересін елдімекенінен 40 шақырым жерде заңсыз аң аулаумен айналысып жатқан үш азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында олар киіктің тұлыбын бөлшектеу үстінде болған. Ұсталғандар — Балқаш қаласының 53, 50 және 41 жастағы тұрғындары болып шықты. Аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша (Заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Оқиға орнынан киік тұлыбы мен аңшылық пышақ айғақты зат ретінде тәркіленді. Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы өңірдің экологиялық қауіпсіздігін сақтау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау бағытында қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Заңсыз аңшылықпен күрес – табиғатқа деген жанашырлық пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова