28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚарағанды облысындағы 4 елді мекенде жылқы арасында эпизоотиялық лимфангит ауруы тарап, карантин жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Қазір өңірде жылқы сойып, еті мен сүтін сатуға және қолдануға тыйым салынып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жықылар белгісіз кеселден қырылған еді. Зертханалық тексеруден соң оның лимфангит екені анықталды. Кейіннен Үлгі және Төрткөл бөлімшелерінде де мал арасында осы аурудың тарағаны мәлім болған. Сондай-ақ Қарқаралы ауданына қарасты Ынталы ауылында да екі жылқыға дерттің жұққаны белгілі болды. Мамандар тексеруінен кейін өңірде жалпы 180 бас малдың көзі жойылған. Тағы 10-ы оқшауланған.
Аурудың белгілері: малдың денесін ірің жайлап, жүріп-тұра алмай қалады. Бір өкініштісі аурудың әлі күнге дейін емі жоқ.
Лабороториялық қорытындыдан эпизотиялық лимфангит дәлелденді. Бұл ауруға "Отар" ғылыми-зерттеу институты вакцина шығарылған. Ол зертханалық жай-күйде тексерілді. Вакцинаны карантин қойылған аумақтың сау малдарға егу жүргізуге дайынбыз, – деді облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?