28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚарағанды облысында жол салу барысында кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Қарағанды облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында ақаулары бола тұра объектілерді пайдалануға беру фактілері анықталды.
Мәселен, әкімдік «Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Қайнар – Нұра» жолында жөндеу жұмыстарын қабылдаған, олар бойынша Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының филиалында жол жамылғысы бойынша ескертулер болған.
Мұндай фактілерді болдырмау үшін Антикор тапсырыс беруші мен мердігердің жол сапасы сараптамасының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою міндетін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар, ықтимал ақауларды болдырмау мақсатында арнайы құрылған мониторингтік топ жүргізілетін жол жұмыстарының сапасын зерттеді (мониторинг облыстың 8 жолында, оның ішінде «Қарағанды-Балқаш» – 362 км, «Балқаш – Бурылбайтал» – 50 км).
Мысалы, «Қарағанды-Балқаш» жолын қайта жаңарту кезінде мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін қиыршық тасты қолдануға жол берілмеді. Мердігердің есебінен құрылыс материалы ауыстырылды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?