30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚарағанды облысында полиция қызметкерлері жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудандық маңызы бар Шоқай – Приишимское автожолында көрші мемлекеттің тұрғындары қар құрсауында қалды. Астанаға бет алған оларды бұл қосалқы жолға «2ГИС» жүйесі бағыттаған. Ауа райының мұндай тосын мінезін күтпеген шетелдіктер қар басқан жолда тұрып қалды. Жолда қалған шетелдіктерге Осакаров ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары көмекке барды.
Полиция қызметкерлері әкімшілік аумақ бойынша патрульдеу кезінде боран, нашар көріну және қар үйінділеріне қарамастан Chevrolet Cobalt автокөлігін байқап қалды. Саяхатшылар екі сағаттай жолда тұрып қалған. Көлікте ересектермен бірге екі бала да болған. Шетелдіктер полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, Қарағандыға қарай жол тартты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды