Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағанды облысында бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулаудың көктемгі маусымы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
8–22 сәуір аралығында Шет және Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ "Айнабұлақ", "Құланөтпес", "Самарское", "Есен", "Киевское", "Пржевальское", "Черниговское", "Құмкөл", "Байсал"аңшылық шаруашылықтарында аң аулау маусымы басталады.
15–29 сәуір аралығында аң аулау Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы және Абай аудандарында басталады.
Аңшылардың жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болуы қажет. Оқ қаруымен аң аулау кезінде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсаттама болуы шарт.
Жануарларды мерзімдер мен түрлеріне сәйкес қатаң белгіленген жерлерде аулауға болады. Бұл жағдайда фауна тұрғындарының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту үшін жануарлар әлеміне мұқият болу керек. Сондай-ақ, оқ қаруымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Рұқсат беру құжаттары болмаған, аң аулау ережелерін сақтамаған, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлеріне аң аулау кезінде аңшылардың іс-әрекеттері браконьерлік ретінде бағаланады, ол үшін құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек