Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт жұмысының басталуына пәрмен берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зауыт Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Шұбаркөл» разрезінің аумағында орналасқан. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударған импортты алмастыру мемлекеттік бағдарламасына ERG-дің қосқан үлесі болып табылады.
Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаттылығы - жылына 400 мың тонна арнайы кокс.
«Негізгі өнімдерімізден басқа, біз жылына 70 000 т көлеміндегі көмір шайыры мен көмір майын өндіруді жоспарлап отырмыз. Өндіріс шикізаты ретінде Шұбаркөл разрезінің Д маркалы көмірі пайдаланылатын болады», - дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.
Айта кетерлігі, жоба бүгін елордада өткен «Қазқамту 2.0» халықаралық форумы аясында ресми түрде қосылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар