30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКостенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен істеуде. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жалғасып келеді.
Құтқару күштері кеншілерді іздеуге шоғырланып, аталған жұмыстар электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық тудырып отыр.
Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілу үстінде. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазір барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түскені белгілі болды. Сондай-ақ, 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды