Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚарағанды облысында су тасқыны қаупін төмендету жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өңірде көктемгі су басудың алдын алу үшін белсенді шаралар қабылдануда. Осылайша, Қарқаралы ауданына қарасты Қоянды ауылының маңындағы Қарасор көлінде мұз кептелістерін жою мақсатында 600 шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Мұндай шаралар Нұра, Өткелсіз, Жаманқон, Құланөтпес, Есіл және Үлкенқұндыз өзендерінде де жүзеге асырылды. Жалпы жарылыс жұмыстары 14 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыды.
Сонымен қатар өңірде су тасқыны қаупін азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, 11 тоннадан астам инертті материал төселді, 54 км астам арық тазартылды, 42 км астам траншея қазылды, 13,6 мыңнан астам қап инертті материалдармен толтырылды, - делінген мәліметте.
Алдын алу шаралары күшейтілген режимде жалғасуда.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс