Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Еңбек» РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департамент мәліметінше, 2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы «бір көзден сатып алу» әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісімшарт жасаған. Алайда тауарлар жеткізілмей, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.
Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер заңмен белгіленген ақшаны қолма-қол айналдыру шегін айналып өтіп, кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған.
Соңғысы ақшаны бөліп, бақылаудағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған. Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма-қол ақшаға айналған, - делінген мәліметте.
Қылмыстық табыстарға Алматы қаласынан жеке үй мен «BMW X6» автокөлігі сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген.
Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары