Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағанды облысында сыныптастарымен демалыс кезінде 15 жасар қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қайғылы оқиға 3 маусым күні Қарағанды облысындағы Нұра ауданында болды. 2008 жылғы қыз бала сыныптастарымен демалуға барған. Оқушылар Егінді ауылынан үш шақырым жерде Нұра өзенінінің жанында демалыс ұйымдастырған.
Жасөспірімдер шомыламыз деп шешкен. Сағат 12:20 шамасында қыз бала суға батып кеткен.
Оқиға орнына құтқарушылар жіберілген. Сағат 19:45-те қыздың денесі оқиға орнынан 15 шақырым жерден табылды, - делінген Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек