Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 наурыздағы жағдай бойынша су тасқыны кезеңінің белсенді кезеңі басталғанға дейін Қарағанды облысынан 2 млн 400 мың м3 астам қар шығарылды, жеке сектордағы қарды шығару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 48 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 137 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Облыстың тас жолдарындағы су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары аяқталуда. Үш мың тоннадан астам жанар-жағармай, 64 мың тоннадан астам инертті материал, 145 мың қап контейнер дайындалды.
Бүгінгі таңда облыстағы жағдай тұрақты, тұрғын үйлерді су басу немесе жолдарды су басып кету фактілері тіркелген жоқ. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыс аумағының 83 пайызын қар алып тұр. Өзен арналарын шаю үшін ағыны 10 м3/сек Самарқанд су қоймасынан және 6,4 м3/сек Ынтымақ су қоймасынан су ағызу жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Облыстың өзендерінде мұзды бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайлар қызметкерлері су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралау барысында 28 мыңнан астам адамды қамтыған тұрғындармен 280-нен астам кездесу өткізіп, 25 мың жадынамалар таратты. Телерадио арналарында, дауыс зорайтқыштар мен баспа басылымдары арқылы белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?