Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Бауыржан Асанов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа орынбасар аграрлық-өнеркәсіптік кешен, жер, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелеріне жауап береді.
Бауыржан Асанов 1968 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1992 жылы К.И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринария академиясын бітірді.
2003 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер дипломын алды. 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін аяқтады. 2019 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алды. Іскерлік әкімшілендіру докторы.
2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Әр жылдары Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астанадағы Халықты жұмыспен қамту департаментінің халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасын, Қарағанды облысының ветеринария басқармасын басқарды.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді