Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыдағы №164 мемлекеттік балабақшада бүлдіршіндердің тамағы көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының білім басқармасы бұл балабақшаға қоғамдық тамақтану жағдайын бақылау үшін арнайы комиссия құрған. Комиссия бірнеше күн тексеру жүргізіп, бірнеше маманды жұмыстан шығарды.
Мониторинг барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін балабақша меңгерушісі, медбике және әдіскері қызметінен босатылды. Сонымен қатар, топ тәрбиешісі, қоймашы және аспазға тәртіптік жаза қолданылды, - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына бақылауды әлсіреткені үшін Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысына тәртіптік жаза қолданылды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек