18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?1 мамырда елімізде күн суытып, қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 1 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. 1 мамыр күні облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 1-2 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, онтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталықта найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталықта екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 24-29 м/с.
Алматыда күндіз кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр