23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді18 сәуірде Алматыда жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» сейсенбі күні түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауатынын, сондай-ақ, жолда көктайғақ, тұман болатынын ескертеді. Түннің бірінші жартысында солтүстік-батыстан екпіні секундына 15 метр болатын күшті жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады, - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД мәліметінше, түнгі уақытта ауа райының күрт салқындауына байланысты құтқарушылар тұрғын үйді газ плитасымен жылытпау, электр желілерді шамадан тыс пайдаланбау керек. Сондай-ақ ақаусыз электр қондырғыларын қолдануға шақырды.
Ағаштар мен бұта тамырларын аяздан қорғау үшін жер бетіне гумус, шымтезек субстраты және ағаш үгінділерін төсеуге болады. Олар ауаға толы борпылдақ қабат қалыптастырып, жылуды сақтайды. Өсімдіктерді аяз басталған кезде пленка немесе спунбонд материалдармен жапсаңыз, жылу жинап үлгермей қалуыңыз мүмкін. Егістікке арналған жерлердің жылуын сақтау үшін аталған іс-әрекеттерді алдын ала жасау қажет, - деп ескертті ТЖД.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады