30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 8 ақпанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 400-ден астам адамды эвакуациялады. Бұл күні бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты азаматтар келесі қала маңындағы электр пойыздары және жолаушылар пойыздары арқылы тасымалданды:
- №7501 пойызы Ерейментаудан Астанаға дейін;
- №327 пойызы Астанадан Бурабай мен Көкшетауға дейін;
- №6830 пойызы Бурабай курортынан Астанаға дейін;
- №43 пойызы Шоқайдан Астанаға дейін;
- №45 пойызы Қарағандыдан Астанаға дейін;
- №7556 пойызы Астанадан Қарағандыға дейін.
9 ақпанда күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты, тасжолдардың жабылуы салдарынан келесі жолаушылар пойыздарына қосымша 31 вагон тіркелді:
- Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойызына 6 вагон;
- Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойызына 4 вагон;
- Астанадан Павлодарға дейінгі №354 пойызына 7 вагон;
- Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойызына 10 вагон;
- Астанадан Павлодарға дейінгі №45 пойызына 4 вагон.
Жолаушыларға қосымша 1300-ден астам орын беріледі.
Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды