Қар, көктайғақ, жаңбыр: еліміздің мегаполистеріндегі ауа райына болжам

Қар, көктайғақ, жаңбыр: еліміздің мегаполистеріндегі ауа райына болжам

Мадина Асылбекова
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы құбылмалы болады.

Елордада жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Алматыда жаңбыр жауса, Шымкентте апта ортасында жауын-шашын күтіледі. Үш қаладағы ауа температурасы -2°C пен +25°C аралығында болады.

Астанадағы ауа райы

25 қарашада елордада күн ала бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, жылдамдығы – 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 0...-2°C, күндіз +3...+5°C болады.

26 қарашада күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы – 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -1...+1°C, күндіз +6...+8°C шамасында болады.

27 қарашада аспанды бұлт торлап, азын-аулық жауын-шашын түседі. Оның басым бөлігі қар түрінде болады. Көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде кей уақытта жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Тәулік бойы ауа температурасы 0...-2°C аралығында сақталады.

Алматыдағы ауа райы

25 қарашада Алматыда күн ала бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы 3-8 м/с, түнде екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +5...+7°C, күндіз +13...+15°C болады.

26 қарашада күн ала бұлтты болып, екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы – 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +7...+9°C, күндіз +18...+20°C болады.

27 қарашада да күн ала бұлтты болып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы +6...+8°C шамасында болады.

Шымкенттегі ауа райы

25 қарашада Шымкентте жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде ауа температурасы +6...+8°C, күндіз +18...+20°C-қа дейін көтеріледі.

26 қарашада күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +11...+13°C, күндіз +23...+25°C болады.

27 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +8...+10°C шамасында болады.

Оқи отырыңыз

{