30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСиноптиктер 11-13 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр, кей өңірлерде қар жаууы мүмкін.
Мамандар мәліметінше, ел аумағында циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райы құбылмалы болады. Соның салдарынан жауын-шашын жиілеп, кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді.
Болжамға сәйкес, батыс пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түссе, күндіз жаңбыр жауады.
11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар күтіледі. Ал батыс өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша тұман түсетін күндер де болады.
Астанадағы ауа райы
10 сәуірде құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +7...+9 градус шамасында.
11 сәуірде жауын-шашынсыз, алайда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде 0...-2 градусқа дейін салқындап, күндіз +12...+14 градусқа дейін жылиды.
12 сәуірде күндіз жаңбыр жауады, кей уақыттарда тұман түседі. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде 0...-2, күндіз +14...+16 градус.
Алматыдағы ауа райы
10 сәуірде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус.
11 сәуірде де түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні түнде секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +20...+22 градус.
12 сәуірде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Желдің екпіні – 3-8 м/с. Түнде +6...+8, күндіз +22...+24 градусқа дейін жылынады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды