Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚапшағай су қоймасында суға батқан 30 жастағы ер адамды құтқару қызметінің мамандары аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенбі күні күндізгі 12-50-де Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық патрульдеу кезінде Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында 1993 жылы туған ер адамды құтқарды. Демалуға келген ол арнайы орнатылған "Шомылуға тыйым салынады! Абайлаңыз, шұңқыр!" белгілерін ескермей, шомылуға рұқсат етілмеген жерде су түсіп, нәтижесінде шұңқырға түсіп кеткен.
Алматы облысы ТЖД Қонаев қаласының Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен және жүзу құралының күшімен ер адам құтқарылып, оның медициналық көмекке мұқтаж емес екені анықталды.
Өңірдің ТЖД азаматтардан ескерту белгілерін ескеріп, тек шомылу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар