23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында жағадан ұзап кеткен әйел адам екі күннен соң табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше 1966 жылы туған әйел адам құтқарылған.
2025 жылдың 30 тамызында SUP бортына мініп бара жатып, желдің екпіні оны жағадан алысқа ұзатып әкеткен. Ол оқиға орнынан 40 шақырым жерде табылды. Әйел есін жиып, жағаға шығарылды. Қажетті медициналық көмек көрсетілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің 106 адамы, 29 бірлік техникасы мен 5 су көлігі, сондай-ақ еріктілер ұйымдары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары кезінде екпінді жел қиындық тудырған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік