6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚапшағай су қоймасы аумағында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы, көліктік бақылау инспекциясы, прокуратура және полиция қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің (Ұзынағаш ауылы) әскери қызметшілерімен бірлескен үгіт-насихат және алдын алу шаралары өткізілді.
Іс-шара барысында демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — жазғы шомылу маусымында азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайғылы оқиғалардың алдын алу.
Рейд барысында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жалпы сомасы 206 864 теңгеге 15 әкімшілік хаттама толтырылды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
Есіңізде болсын: суда қауіпсіздік ережелерін сақтау — өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі!, - делінген хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі