23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін Қонаев қаласында ауа-райы күрт нашарлап, желдің екпіні күшейіп (15-20 м/с), салдарынан Қапшағай су қоймасында толқындар көтеріліп, демалушылар қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оларды байдаркалар мен китбордтарда жағадан 1,5 км қашықтыққа алып кеткен. Адамдар өз бетінше жағаға жете алмаған соң жағдай күрделене түсті.
Қапшағай акваториясының жағалау жиегін патрульдеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізген ТЖМ құтқарушылары көмекке асықты. Олар қайықтармен 32 адамды, оның ішінде 3 баланы жағалауға аман-есен жеткізді.
Айта кететін жайт, аталған оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады