30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыCoca-Cola Zero секілді құрамында қант алмастырғыштары бар алкогольсіз сусындар инфаркт пен инсульт қаупін арттыруы мүмкін. Бұл туралы Пирогов атындағы университеттің №2 ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының докторы Эльвира Хачирова мәлімдеді. Бұл туралы «Газета.Ru» басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, мұндай сусындардың құрамында жиі қолданылатын эритрит - төмен калориялы қант алмастырғыш - тромбоциттердің белсенділігін арттырып, қан ұйығыштарының түзілуіне себеп болады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін күшейтеді.
Жеке қауіп факторларын ескере отырып, құрамында аз мөлшерде қант бар сусынды шамадан тыс тұтынбауға кеңес беремін, - деді Хачирова.
Маман сондай-ақ кейбір сусындардың жүрек пен қан тамырларына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
Ондай сусындардың қатарына алкогольді ішімдіктер жатады. Әсіресе көп мөлшерде тұтынылатын алкоголь қан қысымын көтеріп, жүрек бұлшықетіне уытты әсер етіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады. Энергетикалық сусындар да қауіпті, себебі оларда кофеин мен басқа да қоздырғыштардың мөлшері жоғары, бұл жүрек қағысының жиілеуіне және қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін, - деп түсіндірді дәрігер.
Сонымен қатар кофеинге жоғары сезімталдығы бар адамдар үшін кофе ішудің артық болуы да жүрек пен тамырларға зиян келтіруі мүмкін.
Сондықтан таза су, газсыз сусындар, қант қосылмаған шай түрлері, сондай-ақ қантсыз жеміс пен көкөніс шырындарын тұтынған дұрыс, - деп түйіндеді Хачирова.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды