23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қаңтарда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды (2024 жылғы желтоқсанда – 8,6%). Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,8%-ға дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) макисмалды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 8,3%). Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 13,3%). Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті, - делінген мәліметте.
Бұл ретте, ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік