6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚаңтар оқиғасының бір жылдығына байланысты 5 қаңтарда «Qazaqstan» телеарнасынан ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады. Деректі фильмдегі куәгерлер - сол уақытта зардап шеккен бейбіт тұрғындарға көмек көрсеткен түрлі маман иелері.
5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі.
6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі