22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық-іс тергелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың көбісі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары. Осыған байланысты 20 мыңнан астам азаматтан жауап алынды.
«5 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Ұрланған мүліктің көбі тәркіленді. Қылмыстық істер бойынша 983 адам ұсталды. Оның 502-сі арнайы прокурорларға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескере отырып – 255 адам босатылды. Бұл соттылығы жоқ және залалды өз еркімен өтеген азаматтар. Адамдардың көпшілігіне бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары қолданылды», - деді министр.
Төтенше жағдай кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін 12 кәмелетке толмағандар анықталып, оларға қарсы бұлтартпау шарасы, бас бостандығынан айырмау шарасына өзгертілгенін атап өтті.
«Жалпы, тергеу қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Яғни, тергеушілердің барлық негізгі шешімдері прокурордың қадағалауы арқылы келісімінен және соттың бақылаумен өтеді. 631 айыпталушы сотқа жолданды. Олардың 132-сі – бас бостандығынан айырылды, ал қалғандары – шектеу, қоғамдық жұмыстар мен айыппұлдар салынды. Бірқатар күдіктілер жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді. Татуласу салдарынан кейбір қылмыстық істер тоқтатылды», - деді министр.
Бүгінгі күні, Рақымшылық туралы Заңына сай 980 тұлғаларға қолданылды. Қамаудан 76-сы босатылды. 904 сотталғандарға қарсы мерзімдері қысқартылды. Қазір өндірісте 36 қылмыстық іс бар.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев