Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТәртіпсіздіктер мен одан кейінгі төңкеріс жасау әрекеті мұқият жоспарланған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Жаппай тәртіпсіздік барысында қаза тапқандарға ерекше назар аудару керек. Мысалы, объектілерді қорғау және лаңкестікке қарсы операция барысында 238 азамат қаза тапты, олардың 41 бұрын сотталған. Бас прокуратура тергеу барысында барлық ақпаратты қайта тексеріп, 67 азаматтың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын, 142 адам терроризмге қарсы операция кезінде ерекше режимді бұзғанын, 4 адам басқа құқық бұзушылықтар барысында қаза тапқанын анықтады.
Тәртіпсіздіктер мен одан кейінгі төңкеріс жасау әрекеті мұқият жоспарланған. «Қаңтар оқиғаларына» дайындық бүкіл 2021 жыл бойы жасырын түрде жүргізілген.
Бұл жұмысты күш құрылымдарының жекелеген өкілдерінің басшылығымен адамдарды жинап, қару-жарақ, рация және көлік сатып алған түрлі ҰҚТ мүшелері жүргізген", - деп айтты Бас прокурор.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек