Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласы Қазақстанға туған анасын іздеп келгені белгілі. Ол 20 желтоқсан Астанадан Испанияға ұшып кетуі тиіс еді, алайда, бала әлі де анасын таба алмағандықтан елде қалуды құп көрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан баланың анасының аты-жөні белгілі болғанын мәлім етті.
Сәлем, Қазақстан халқы. Мен үшін нені білдіретініңді түсінбейсің деп ойлаймын. Сен үшін қаншама көз жасымды төккенімді түсінбейсің деп ойлаймын, өйткені мен бақыттымын. Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Мен анамды осы іздегеннен кейін таба алмаймын (бұл ой мені қатты қынжылтады), бірақ бәрібір сені кездестірдім. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Қазақстан мен оның халқы мен үшін соңғы жылдары болған ең әдемі нәрсе. Қазақстандықтардың барлығына рақмет. Саған арналады. Білесіз бе, мен Қазақстанда біраз уақыт боламын және анамды табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын, - дейді ол.
Айта кетейік, Жәнібек қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді