7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жыл сайын автокөліктерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға 6 миллионға жуық қазақстандық барады.
Смартфондардағы онлайн-қызметтер іске қосылғалы оны жеті миллионнан астам адам пайдаланды. Оның 5,3 миллионы автокөлікті сатушылар мен сатып алушылар. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Автокөліктерді онлайн-режимде қайта тіркеу қызметі бірқатар банктің қосымшасында пайда болған.
Аталмыш сервис сатушы мен сатып алушыға сатып алынатын/сатылатын автокөлікке салықтарды немесе айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап мемлекеттік нөмірді, сондай-ақ автокөлік иесіне сатып алынған көлік құжаттары мен таңдалған нөмірді алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің бүкіл циклын ұсынады, - делінген мәліметте.
ІІМ осы қызметті өзге банктің мобильді қосымшаларына шығару бойынша да жұмыс жүргізген. Енді ведомство онлайн-сервистер арқылы автокөлікті бастапқы тіркеуді іске қосуды жоспарлап отыр.
Барлық мемлекеттік органдардың ішінде ІІМ халыққа қажетті қызметтердің басым бөлігін көрсетеді. Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану мемлекеттік органдармен тікелей байланысуды керек етпейді, сондықтан министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфонизациялауды қарқынды түрде жүргізіп жатыр, - делінген мәліметте.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?