6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЭкология министрлігі жеке тұлғалар жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жеке және үйде пайдалану үшін өтеусіз және еш рұқсат қағазынсыз жинай алатынын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бір адам бір мезетте дәрілік өсімдіктерді (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерден басқа) 10 кг-ға дейін, жемістер мен жидектерді 20 кг-ға дейін, саңырауқұлақтарды 25 кг-ға дейін жинай алады.
Ал жинау нормасы өсімдіктер әлемін, геоботаникалық және ресурстық зерттеулер материалдарының негізінде белгіленген.
Төлемақы мөлшерін жергілікті мәслихат бекітеді, ол әкімдіктердің есептеулері негізінде, нарықтық бағалар мен оларды дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға және өткізуге жұмсалған шығындар сомасы арасындағы айырма негізінде белгіленеді, - делінген мәліметте.
Естеріңізде болса, коммерциялық құрылымдардың өкілдері үшін, яғни бизнесі өсімдіктер әлемін пайдаланумен (оның ішінде саңырауқұлақтарда бар) байланысты тұлғалар үшін бұл қызмет түрі ақылы болады.
Бұған дейін саңырауқұлақ пен жидекке салық салынатынын және оны кімдер төлейтінін жазғанбыз.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі