Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘнші, сазгер Нұрлан Еспанов Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кесті. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алланың қалауымен күтпеген жерден тойға кіріп, Сеулде тұсау кестім. Қадамы сәтті болсын. Кәсіппен айналысып жүрген бауырларым аман болсын. "Бақыт" деген сәт екенін ұмытпайық, достар. Қандастарымыз аман болсын. Ораза қабыл болсын, - деді Нұрлан Еспанов.
Сондай-ақ әншінің тұсау кеспестен бұрын тілек айтып, той иесімен әзілдесті.
Ханымдар мен мырзалар, Кореяға келіп, тұсау кесеміз деп кім ойлаған? Қадамы сәтті, өмірі тәтті болсын. Мәнді әрі сәнді болсын. Мен әзілге жақын адаммын ғой, қаңғыбас болса, маған өкпелемеңіздер. Үйде тұрмайтын бала болса, маған өкпелемеңіздер. Бастысы мен сияқты ішпейтін, шекпейтін, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болсын, - деді Нұрлан Еспанов.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады