14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Неміс ғалымдары адам денсаулығына қатысты алаңдатарлық жаңалық ашты: зиянды тағаммен небәрі бес күн тамақтану – миға айтарлықтай залал келтіріп, оның инсулинге сезімталдығын төмендетеді. Бұл – адам ағзасында қайтымсыз өзгерістерге алып келетін қауіпті үдеріс, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Oxu.Az басылымының хабарлауынша, бұл зерттеуге Мәскеу мемлекеттік университетінің іргелі медицина факультетінің аға ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, эндокринолог Зухра Павлова пікір білдірді.
Инсулинге төзімділіктің артуы — қант диабеті, семіздік және когнитивтік функциялардың (зейін, жады, сөйлеу, ойлау) төмендеуімен тығыз байланысты. Зиянды тіскебасарлар ағзада созылмалы бұзылыстар туындатып, ұзақ мерзімді кері әсерлерге әкелуі мүмкін, — дейді дәрігер.
Зухра Павлованың айтуынша, тіскебасардан мүлде бас тартқан жөн. Олар бастапқыда салмаққа әсер етпесе де, уақыт өте келе күрделі мәселелерге себеп болуы мүмкін. Егер негізгі ас ішу аралығы бес сағаттан ұзақ болса, онда тіскебасарды ақуыз-көмірсу үйлесімімен шектеулі түрде ғана тұтынуға болады.
Мұндай жағдайда банан немесе алма секілді жемістерді йогуртпен не аз мөлшердегі ірімшікпен бірге жеген дұрыс. Ал тек жеміс жеу – аштықты күшейтіп жібереді, — деп түсіндіреді маман.
Зерттеулерге сүйенсек, адам миы глюкоза мен инсулин деңгейінің өзгеруіне өте сезімтал. Көмірсуға бай тағамдармен жиі тіскебасар ішу – ағзада инсулиннің тұрақты түрде жоғарылауына әкеліп, оның рецепторларға әсерін әлсіретеді. Бұл жағдай нейродегенеративті аурулардың, соның ішінде кей ғалымдар "үшінші типті диабет" деп атайтын Альцгеймер ауруының даму қаупін арттырады.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды