Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Ұлы дала 2024» халықаралық кітап шығару байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Отандастар қоры» мен «Қазақстан Жазушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі кезінде әлемнің әр қиырына қоныс аударған этникалық қазақтардың көші-қон тарихы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, өнері жайында жазылған тарихи, көркем әдеби туындылар, ғылыми зерттеулерді жинақ ретінде жарыққа шығару мақсатында жариялаған «Ұлы Дала» халықаралық байқауының 2024 жылғы жеңімпаздары анықталды.
Өтінімдер 2024 жылғы 1 маусымға дейін қабылданды. Байқауға 22 еңбек келіп түсті. Белгілі ақын-жазушылардан, ғалымдардан және қоғам қайраткерлерінен құралған сараптамалық алқа қолжазбаларды мұқият қарап, аталған жұмыстардың ішінен 9 шығарманы кітап етіп басып шығару туралы шешім қабылдады.
Байқаудың мақсаты – шетелдік және қазақстандық белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен өнерпаздардың туындыларын басып шығару арқылы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңа қырынан тану, шетелдегі танымал, белгілі этникалық қазақ өкілдерінің есімдерін және шығармаларын қазақстандық көпшілік қауымға кеңінен таныстыру, жас ұрпақтың бойында төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылықты күшейту, ұлттық сананы жаңғырту.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?