6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер19-23 маусым аралығында Ақтау қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Қытайдан 50-ге жуық оқушы қатысуда.
Мұндағы мақсат - қазақ диаспорасы балаларының ана тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылықтарын ынталандыру және дарынды жас лингвистер мен әдебиетшілерді анықтау.
Олимпиада 3 тур бойынша өтеді: эссе жазу, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, «Өз ұлтымды сүйемін» тақырыбында шығармашылық таныстырылым жасау, - делінген мәліметте.
Ережеге сәйкес, қатысушы елдердің әрбір командасы 14-18 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұруы тиіс.
Айта кетсек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. Ерекше жетістікке қол жеткізген қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның грамоталары мен бағалы сыйлықтары беріледі, ал ең үздіктерге ҚР беделді ЖОО-ның ректорлық білім гранттары табысталатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі